28 Сәуір, 2015

Мәскеуге парадқа  баратын ардагер дауыс берді

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ардагер Смоленков Облыста 246 Отан соғысына қатысушы ардагерлер бар. Облыс ор­талығында тұратын  Ми­хаил Смоленков Мәс­кеу қаласында  9 мамырда өтетін әскери шеруге барады. 92 жастағы  М.Смоленков 18 жасында  майданға аттанып, Поль­ша, Қиыр Шығыстағы шайқастарға қатысқан. Майдангер бүгінгі бейбіт заманның қандай ерлікпен келгенін біледі. Майдангер  қаладағы 27-ші сайлау учаскесіне келіп таңертең алғашқылардың бірі болып  дауысын берді. Сайлау учаскесінің төрағасы Берік Матаев  Смоленков 92 жасында сайлауға дауыс беруге келіп, тағы да ерлік жасады дейді. Бұл учаскеде сағат 9.00-да 400-ден астам адам дауыс беріп үлгеріпті. Дауыс берушілердің белсенділігі жоғары, көңіл күйлері де жақсы. Михаил Смоленков азаматтық парызымды атқардым дейді. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан». ПАВЛОДАР.
Соңғы жаңалықтар

Алдағы күндері күн жылынады

Ауа райы • Бүгін, 17:55